Кирилл Кекер: «Жергілікті жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді»

07.Ноя.2022

«Қайрат» бас бапкері «Ақтөбемен» өткен матч (1:4) жайлы пікірімен бөлісті.

— «Ақтөбені» жеңісімен құттықтаймын. Әр ойын сайын стадионды толтырып, өз командасына қолдау көрсететін жергілікті жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Олар футболды мәнді де, сәнді ете түседі, осындай керемет атмосфера жасай біледі. Басқа айтарым жоқ. Баршаңызға рақмет!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі