Сердер Сердеров: «Менің ойымша, біз үшін маусым сәтті өтті»

07.Ноя.2022

«Ақтөбе» шабуылшысы биылғы өткен маусымға және бүгінгі матчқа баға берді.

— Бүгінгі ойынға келсек, маңызды матч болды. Соңғы айда нелер болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Бірақ соған қарамастан команда жинақталып, ымырасыз қарсыласты жеңуге бекінді. Әр кездегідей жанкүйерлер көп жиналып, қызу қолдау көрсетті. Солар үшін жеңіске жетіп, ризашылығымызды білдіргіміз келді.

— Сен «Ақтөбеге» маусым ортасында қосылдың. Соған қарамастан өткен чемпионатты қалай бағалайсың?

— Менің ойымша, біз үшін маусым сәтті өтті. Максимум міндетті орындай алмасақ та, минимум міндетті ойдағыдай орындап шықтық. Еурокубокке жолдама алдық. Футболсүйер қауым барлығын көрді. Біз чемпиондыққа лайық өнер көрсеттік. Оған жанкүйерлеріміз де, басшылық та лайықты еді деп есептеймін.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі