Таңжарықов “Ақтөбе” құрамында қалады
22.Дек.2023
27 жастағы вице-капитан Әділхан Таңжарықов “Ақтөбе” футбол клубымен жаңа келісім-шарт жасасты.
Өз түлегіміз бір жылдары ақтаулық “Каспий” мен талдықорғандық “Жетісу” сапында да ойнаған. 2018 жылы туған командасына қайтып оралған Әділхан ақ-қызылдар капитаны дәрежесіне дейін көтеріле білді.
Соңғы екі маусымда “Ақтөбемен” бірге күміс және қола жүлдегер атанған ойыншы ендігі кезекте Қазақстан чемпионы атағын жеңу үшін барын салмақ.
![](https://fc-aktobe.kz/wp-content/uploads/2024/01/1O4i5nLxpnI-1024x683.jpg)