Өңір басшысы Ералы Тоғжанов “Ақтөбе” футбол клубымен кездесу өткізді

10.Окт.2022

Бүгін таңертең облыс әкімі Орталық стадионға келіп, ақ-қызылдардың бапкерлік штабымен және ойыншыларымен кездесті.

Ералы Лұқпанұлы команданы өткен жарқын жеңіспен құттықтап, осы маусымда чемпион атануға тілектестік білдірді. “Біздің міндетіміз айқын, ол — чемпион болу. Ақтөбедегі футбол дәстүрі баяғыдан қалыптасқан, әлі де бар және жалғаса да бермек. Биыл алтыншы мәрте ел жеңімпазы атанып, келесі маусымда Уефа Чемпиондар лигасына шығуға тиіспіз. Қалың жанкүйерлер қауымы бұл құрметке лайықты”, — деді Тоғжанов.

Сөз алған команданың бас бапкері Андрей Карпович пен капитан Юрий Логвиненко облыс басшысына әкімдік тарапынан жасалып жатқан қолдау үшін алғыс айтып, чемпиондыққа жету үшін барлық күш-жігерді салуға уәде етті.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі