Арман Кеңесов: «Голдарымды жұбайым мен қызыма арнаймын»

17.Апр.2023

Арман Кеңесов: «Голдарымды жұбайым мен қызыма арнаймын»

Бүгін екі гол соғып, матчтың үздік ойыншысы атанған жартылай қорғаушымыз «Атыраумен» өткен ойын жайлы пікір білдірді.

— Ең алдымен, барша жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын. Екі матчтан соң, әйтеуір, Аллаға шүкір, жеңіске жеттік. Командаға пайдамды тигізе алғаным үшін өте қуаныштымын. Әлі де болса екі голмен тоқтап қалмаймын деп үміттенемін. Бапкер матч алдында жанкүйерлерге қуаныш сыйлау үшін жеңіске жету қажеттігін айтқан еді. Өйткені «Қызылжармен» өткен ойында сәтсіз ойнап, Шымкентте «Ордабасымен» тең түскен едік. Ауа райына қарамастан бүгін бізді қолдауға келген көрермендерге тек жеңіспен жауап бергеніміз дұрыс болатынын түсіндік. Кеше жұбайымның туған күні де болған, ертең қызымның туған күні. Голдарымды соларға арнасам деймін.