Бүгін “Ақтөбенің” Орталық стадионында жаңартылған алаңның тұсаукесері өтті.

01.Июн.2023

Бүгін “Ақтөбенің” Орталық стадионында жаңартылған алаңның тұсаукесері өтті.

Журналистерге арналған көшпелі баспасөз мәслихатында сөз алған клуб басқармасының төрағасы Ерлан Жамантаев жасыл газонның сапалы төселуіне демеушілік еткен Olimpbet компаниясына алғыс білдірді.

Өз кезегінде букмекерлік кеңсенің сыртқы байланыс жөніндегі директоры Андрей Жарков аталмыш жаңа алаңның тек ұлттық емес, халықаралық талаптарға да жауап беретінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының негізгі аренасындағы табиғи төсенішті ретке келтірген әлемдік деңгейдегі маман Виктор Яроменко футболдан Еуропа чемпионатының, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының матчтарына көгал дайындаумен аты шыққан тұлға екені айтылды.

“Ақтөбе” футбол клубы жаңартылған алаңда 3 маусым күні қарағандылық “Шахтерға” қарсы матч өткізеді.