Жайро Жан – “Ақтөбенің” жаңа ойыншысы

18.Фев.2024

25 жастағы вингер Жайро Эстефано Жан “Ақтөбемен” келісім-шартқа отырды.

Порт-О-Пренс өлкесінің тумасы өз еліндегі “Сан-Кристобаль” және “Жарабакоа” клубтарында тәлім тереді. Кейіннен Боливияға қоныс аударып, “Реал Санта Крус” пен “Олвейз Рэди” ұжымдарында жұлдызы жанады. Апертура мен Клаусурада 11 доп соғып, 9 нәтижелі пас береді.

Гаити ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.