Лео Струмия: «Бізге сынға дайын болу қажет»

16.Май.2023

Лео Струмия: «Бізге сынға дайын болу қажет»

“Ақтөбе” жартылай қорғаушысы өткен ойынға баға берді.

— Не айта аламын…Біріншіден, бізге сынға дайын болу қажет. Бүгінгі матч біздің орындауымыздағы жақсы ойын емес. Жоспарлағанымыз алаңда жүзеге аспады. Бұл біздің кемшілік, бірақ бізге күштірек болып, команда ретінде жұмыс істеу керек. Әрине, өкінішті, бірақ бізге сын қажет. Алдағы уақытта жақсырақ ойнау үшін жұмысты күшейту керек. 60-70 минуттан соң көбінесе гол жібереміз? Иә-иә, айту қиын… Жеңіске жеткіміз келді, әлбетте, бірақ алып-қосарым – сын қажет. Себебі біз көп қате жібердік, ал бұлай ойнауға болмайды. Команда болып жұмыс істеу керек. Бүгін фанаттардың тамаша қолдауы болды. Біз олардың алдында тек кешірім сұрап, жақсара түсу үшін көбірек жаттығуға тиіспіз. Келесі матч? Оған ертеңнен бастап әзірлене бастаймыз. Матчтың өте маңызды екенін түсінеміз. Әрі қарай тек өз қателіктерімізден сабақ алу керек. Күшті болу қажет, бірге жұмыс істеу керек. Өйткені әр матч маңызды. Келесі матчқа дейін күштірек жаттығамыз. Рақмет!