Рақмет, Шама!

15.Фев.2024

Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко мен “Ақтөбе” футбол клубы өзара келісім аясында еңбек шартын доғарды.

33 жастағы ойыншы 2021 жылғы маусым барысында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлердегі 50-ден астам матчта 1 голмен және 8 нәтижелі паспен көзге түсті.

Ақтөбеліктердің капитаны атанып, «Ақтөбемен» бірге күміс және қола медаль иеленді.

«Ақтөбе» футбол клубы Дмитрий Шомкоға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.