Ыдырыс “Ақтөбе” жейдесін қайта киді

25.Фев.2024

«Ақтөбе» футбол клубы мен шабуылшы Идрис Умаев келісім-шартқа отырды.

25 жастағы форвард «Ақтөбеге» былтыр маусым басталар тұста «Ахмат» клубынан жалға ауысып, ақ-қызылдар сапында әртүрлі турнирде 15 матч өткізді. Ол ойындарда 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Идрис биыл бірінші жиыннан бастап “Ақтөбе” қатарында болып, екі ОЖЖ аясында екі гол соғып та үлгерді.