«Ақтөбе-U17» футзал командасы — Қазақстан чемпионы

11.May.2022

Қарағанды қаласында өткен финалдық кезеңде біздің жасөспірімдер рудныйлық “Аят”, қарағандылық “Тұлпар” және алматылық “Қайрат” клубтарымен сынға түсті.

U-17 командалары арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Жартылай финалда ақтөбелік жас өрендер “Қайратты” 5:4 есебімен ұтса, ақтық бәсекеде “Тұлпарды” 7:3 есебімен тас-талқан жеңді. Үшінші орын үшін таласта “Аят” пен “Қайрат” кездесіп, 7:4 есебімен ұтқан қарағандылықтар қоланы місе тұтты.

 Чемпионаттың үздік ойыншысы — Батырхан Кенжеғали, «Ақтөбе»
 Бас бапкер — Сержан Шуманбаев Қуандықұлы, «Ақтөбе»

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі