«Ақтөбе-U17» футзал командасы — Қазақстан чемпионы

11.Май.2022

Қарағанды қаласында өткен финалдық кезеңде біздің жасөспірімдер рудныйлық «Аят», қарағандылық «Тұлпар» және алматылық «Қайрат» клубтарымен сынға түсті.

U-17 командалары арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Жартылай финалда ақтөбелік жас өрендер «Қайратты» 5:4 есебімен ұтса, ақтық бәсекеде «Тұлпарды» 7:3 есебімен тас-талқан жеңді. Үшінші орын үшін таласта «Аят» пен «Қайрат» кездесіп, 7:4 есебімен ұтқан қарағандылықтар қоланы місе тұтты.

 Чемпионаттың үздік ойыншысы — Батырхан Кенжеғали, «Ақтөбе»
 Бас бапкер — Сержан Шуманбаев Қуандықұлы, «Ақтөбе»

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі