Бадамшада балалар жарысы өткізілді

25.Aug.2022

“Балалар жылы” аясында футболдан 2011 жылы және одан кейін туған жасөспірімдер арасында Спорт күніне арналған Қарғалы ауданының ашық турнирі өтті.

Жарыс 17-20 тамыз күндері аралығында Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңында ұйымдастырылды.

Талас-тартысқа толы турнирде “Ақтөбе” футбол клубының Мәртөк филиалдық командасы топ жарса, екінші орынды “Ақтөбе-2013” иеленді. Ал қоланы Алға аудандық “Ақтөбе” футбол орталығының жеткіншектері жеңіп алды.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызмет