Бадамшада балалар жарысы өткізілді

25.Авг.2022

«Балалар жылы» аясында футболдан 2011 жылы және одан кейін туған жасөспірімдер арасында Спорт күніне арналған Қарғалы ауданының ашық турнирі өтті.

Жарыс 17-20 тамыз күндері аралығында Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңында ұйымдастырылды.

Талас-тартысқа толы турнирде «Ақтөбе» футбол клубының Мәртөк филиалдық командасы топ жарса, екінші орынды «Ақтөбе-2013» иеленді. Ал қоланы Алға аудандық «Ақтөбе» футбол орталығының жеткіншектері жеңіп алды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызмет