«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді

29.Mar.2023

«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді

Бүгін клубтың Директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов “ақ-қызылдардың” жаттығуына арнайы келіп, командамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Болат Бауыржанұлы бапкерлік штаб пен ойыншылардың ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Өз кезегінде Кеңес төрағасы биыл да “Ақтөбенің” мақсаты — ел чемпионы атану екенін баса айтты.

Сондай-ақ ол бас бапкер Андрей Карповичтің алдына УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу міндеті артылып отырғанын атап өтті. “Міндеттерді шешу жолында облыс басшылығы барлық жағдайды жасайды”, – деді Мажағұлов.

Алдағы жексенбі күні, 2 сәуірде, ақтөбеліктер петропавлдық “Қызылжармен” чемпионат матчын өткізбек. Кездесу жергілікті уақытпен сағ. 16:00-де басталады.

🔴⚪

Перед футбольным клубом «Актобе» поставлены высокие задачи

Сегодня председатель Совета директоров клуба Болат Мажагулов лично посетил тренировку “красно-белых”, где провел встречу с командой.

На встрече Болат Бауыржанович выслушал предложения тренерского штаба и игроков, обменявшись с ними мнениями. В свою очередь председатель Совета подчеркнул, что и в этом году у “Актобе” стоит цель — стать чемпионами страны.

Также он отметил, что перед главным тренером Андреем Карповичем поставлена задача выхода в групповой этап Лиги конференций УЕФА. “Для решения задач, со стороны руководства области будут созданы все условия”, – заключил Мажагулов.

А уже в это воскресенье, 2 апреля, актюбинцы проведут матч чемпионата против петропавловского “Кызылжара”. Игра начнется в 16:00 часов по местному времени.