«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді

29.Мар.2023

«Ақтөбе» футбол клубына үлкен міндеттер жүктелді

Бүгін клубтың Директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов «ақ-қызылдардың» жаттығуына арнайы келіп, командамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Болат Бауыржанұлы бапкерлік штаб пен ойыншылардың ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Өз кезегінде Кеңес төрағасы биыл да «Ақтөбенің» мақсаты — ел чемпионы атану екенін баса айтты.

Сондай-ақ ол бас бапкер Андрей Карповичтің алдына УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу міндеті артылып отырғанын атап өтті. «Міндеттерді шешу жолында облыс басшылығы барлық жағдайды жасайды», — деді Мажағұлов.

Алдағы жексенбі күні, 2 сәуірде, ақтөбеліктер петропавлдық «Қызылжармен» чемпионат матчын өткізбек. Кездесу жергілікті уақытпен сағ. 16:00-де басталады.

🔴⚪

Перед футбольным клубом «Актобе» поставлены высокие задачи

Сегодня председатель Совета директоров клуба Болат Мажагулов лично посетил тренировку «красно-белых», где провел встречу с командой.

На встрече Болат Бауыржанович выслушал предложения тренерского штаба и игроков, обменявшись с ними мнениями. В свою очередь председатель Совета подчеркнул, что и в этом году у «Актобе» стоит цель — стать чемпионами страны.

Также он отметил, что перед главным тренером Андреем Карповичем поставлена задача выхода в групповой этап Лиги конференций УЕФА. «Для решения задач, со стороны руководства области будут созданы все условия», — заключил Мажагулов.

А уже в это воскресенье, 2 апреля, актюбинцы проведут матч чемпионата против петропавловского «Кызылжара». Игра начнется в 16:00 часов по местному времени.