Талғат Ешжанов: «Бұл біз үшін үлкен тәжірибе»

19.Apr.2022

«Академия-05» бас бапкері Екінші лигадағы бірінші тур аясында өткен «Ақтөбе-U21» клубына қарсы кездесу (0:0) жайлы пікір айтты.

— Барлығыңызды маусымның бірінші ойнымен құттықтағым келеді. Бұл біздің команда үшін үлкен тәжірибе. Мұндай деңгейде ойнап көрмеген 16-17 жастағы жігіттер үшін, әрине, ойын қиынға соқты. Әсіресе екінші тайм барысында бір ойыншымыз алаңнан қуылғанда жағдай оңай болмады. Соған қарамастан шәкірттерім жақсы ойнап шықты деп ойлаймын. Бірінші ойын болғандықтан қобалжу да болды. Алдағы ойындарда сенімдірек ойнаймыз деп үміттенемін.

— Сіздің клубтың алдына қандай мақсат-міндеттер қойылған?

— Ең алдымен, жас балаларға ойын тәжірибесін ұсыну. Олардың дәрежелерін көтеру мақсатында осы командамызды ашып жатырмыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі