Әлібек Қасым: «Еурокубокті асыға күтеміз, себебі біздің қала мен клуб оны көптен көрмеді»

23.Jul.2023

«Ақтөбенің» қорғаушысы Премьер-лиганың 16-туры аясындағы «Қайсарға» (2:1) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

— Матч оңай болған жоқ, біз оған дайындалдық, өйткені бұл еурокубоктар алдындағы стратегиялық маңызды ойын болды. Менің ойымша, біз жоспарлаған нәрсені 100% орындадық, қарсыласты талдап, лайықты түрде жеңдік.

– Үзіліс кезінде бас бапкер қандай тапсырмалар берді?

– Ол бізді сабырға шақырды, өйткені соңғы өз алаңымыздағы ойында да 1:0 есебімен алға шықтық, ашыла бастадық, жүгіріп, соңында бізге гол соғып кетті. Бұл жолы ол бізге зейін қойып, қорғаныста ойнап, үш ұпай алу керектігін айтты. Шынымды айтсам, келесі қарсыласты әлі көрген жоқпын, бірақ талдап, дайындаламыз. Бізге еуропалық жарыстар өте қымбат, өйткені бұл қала мен клуб оларды көптен көрмегендіктен, жанкүйерлерді қуантқымыз келеді, сондықтан біз бұл ойынға дұрыстап әзірленеміз.