Арман Кеңесов: «Ақтөбемен» келісім-шартым жылдың соңына дейін»

06.Jul.2023

Жартылай қорғаушымыз соңғы қаңқу әңгімелерге нүкте қойып, алдағы еурокубок ойындарынан не күтетінін айтты.

— Жақында сені басқа клубқа ауысады дегендей қауесет тарап еді. Сол жайында өз аузыңнан естиікші.

— Ең бастысы, мен қазір Ақтөбедемін. Менің “Ақтөбемен” келісім-шартым жылдың соңына дейін. Одан кейін не боларын тек Құдай біледі.

— Яғни сен бізбен қаласың ғой?

— Иә, дәл солай.

— Жалпы сен қазіргі таңдағы “Ақтөбенің” үздік сұрмергенісің. Бес гол салдың және Қазақстан ұлттық құрамасы сапында да “Ақтөбеде” жүріп дебют жасадың. Сезімің қандай?

— Аллаға шүкір, ұлттық құрама сапында дебютім болды. Ал өзіме келсек, мен үшін гол немесе ассист маңызды емес, ең бастысы командаға көмегімді тигізу. Гол салу керек-ақ, әрине, бірақ жеңіске жету одан да маңыздырақ.

— Жуырда “Ақтөбе” еурокубок ойындарында өз бағын сынайды. Еурокубок матчтарынан не күтесің?

— Біздің екі ықтимал қарсыласымыз да мықты. “Торпедо” (Кутаиси) болсын, “Сараево” болсын, бізге бәрібір, себебі олар деңгейлес командалар. Біз өз күш-қуатымызға сенеміз және Алланың қолдауымен келесі кезеңге шығуға тырысамыз. Сондай-ақ еліміздің абыройы үшін ойнайтын басқа да отандық клубтарға еуропалық ойындарда сәттілік тілеймін!