Қайрат Нұрдәулетов: “Ақтөбелік жанкүйерлер Қазақстанда ең үздік деп айтсам артық емес”

26.Jun.2023

“Мақтаарал” бас бапкері “Ақтөбемен” өткен тең кездесуге баға берді.

— Ойынға келетін болсақ, біз үшін қиын матч болды. Біз мұндай ойынды күттік негізі. Ақтөбенің жанкүйерлеріне де дайындалдық. Мұндағы жанкүйерлер Қазақстандағы ең үздік деп айтсам артық айтқаным емес. Бұл Орталық стадиондағы атмосфера нағыз футболдық екені белгілі. Өз жігіттеріме рақмет айтамын бүгінгі матчқа қойылған жоспарды жүз пайыз орындағандары үшін. Иә, осал жерлеріміз болды, бірақ оларды әлі де пысықтап, жоямыз деп ойлаймын. Жаңбырдан кейінгі алаң сапасы футболға кедергісін келтірмеді ме? Жоқ, олай ойламаймын. Біз Шымкентте де осындай көгалда жаттығамыз. Маған алаң ұнады. Екі команда да бірдей жағдайда болды емес пе. Мен келгелі “Мақтаарал” өзгеріп сала берді дейсіз бе? Толықтай менің арқам десем артық болатын шығар. Ойыншылармен біраз сұхбаттасқаннан кейін олар кішігірім психологиялық жағынан өз-өздеріне келіп, көп нәрсені түсіне алды деп ойлаймын. Жеңіле бергеннен соң ондай-ондай болып тұрады. Ақырындап оң жолға түсіп келе жатырмыз деп санаймын. Жаңа ойыншылар? Әзірше нақты айтпай-ақ қояйын, бірақ екі-үш ойыншы келуге тиіс. Екі таймның бір-бірінен өзгешелегі неде? Иә, бірінші таймда қарсыластың қысымымен көбірек қорғаныста ойнауға тура келді. Үзілісте жігіттер “Ақтөбемен” ойнауға болатынын түсінсе керек, біздің сенім артуымызбен шабуылдарымызды үдетті. Нәтижесін көрдіңіздер.