Ақтөбе — Торпедо матчының медиа-жоспары

02.Aug.2023

Бейсенбі күні Орталық стадионда “Ақтөбе” футбол клубының Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы грузиялық “Торпедоға” қарсы өтетін матчы алдындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған шаралардың кестесі:

2 тамыз

16:00-16:30 — Аккредитациядан өткен журналистерге УЕФА Конференция лигасының рұқсатнамаларын үлестіру

16:30-17:15 — “Ақтөбе” ФК бас бапкері Андрей Карповичтің және бір ойыншының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты

17:15-17:30 — БАҚ өкілдерінің “Ақтөбе” ФК ойын алдындағы жаттығуына қатысуы

18:30-19:15 — “Торпедо” ФК бас бапкері Стив Киннің және бір ойыншының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты

19:15-19:30 — БАҚ өкілдерінің “Торпедо” ФК ойын алдындағы жаттығуына қатысуы

3 тамыз

19:00 — Жанкүйерлердің Орталық стадионға кіргізіле бастауы

20:00 — “Ақтөбенің” ресми демеушісі Olimpbet компаниясы ұсынған жанкүйерлерге арналған мерч-шоп (+ промоутерлер)

20:55 — Тұңғыш президент атындағы Орталық саябақта үлкен экраннан “Ақтөбе” — “Торпедо” матчының тікелей көрсетілімі

21:00 — Матчтың басталуы (үзілісте жанкүйерлерге арналған түрлі ұтыстар ұйымдастырылады деп күтілуде)

23:00 — “Ақтөбе” және “Торпедо” бас бапкерлерінің қатысуымен өтетін матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты