Ақтөбе — Торпедо матчының медиа-жоспары

02.Авг.2023

Бейсенбі күні Орталық стадионда «Ақтөбе» футбол клубының Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы грузиялық «Торпедоға» қарсы өтетін матчы алдындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған шаралардың кестесі:

2 тамыз

16:00-16:30 — Аккредитациядан өткен журналистерге УЕФА Конференция лигасының рұқсатнамаларын үлестіру

16:30-17:15 — «Ақтөбе» ФК бас бапкері Андрей Карповичтің және бір ойыншының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты

17:15-17:30 — БАҚ өкілдерінің «Ақтөбе» ФК ойын алдындағы жаттығуына қатысуы

18:30-19:15 — «Торпедо» ФК бас бапкері Стив Киннің және бір ойыншының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты

19:15-19:30 — БАҚ өкілдерінің «Торпедо» ФК ойын алдындағы жаттығуына қатысуы

3 тамыз

19:00 — Жанкүйерлердің Орталық стадионға кіргізіле бастауы

20:00 — «Ақтөбенің» ресми демеушісі Olimpbet компаниясы ұсынған жанкүйерлерге арналған мерч-шоп (+ промоутерлер)

20:55 — Тұңғыш президент атындағы Орталық саябақта үлкен экраннан «Ақтөбе» — «Торпедо» матчының тікелей көрсетілімі

21:00 — Матчтың басталуы (үзілісте жанкүйерлерге арналған түрлі ұтыстар ұйымдастырылады деп күтілуде)

23:00 — «Ақтөбе» және «Торпедо» бас бапкерлерінің қатысуымен өтетін матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты