Тәрбиеленушілер марапатталды

26.Jun.2023

“Ақтөбе” — “Мақтаарал” матчының үзілісінде футзалдан Қазақстан чемпионатында “алтын” және “қола” медаль иеленген “Ақтөбе-U19” бен “Ақтөбе-U17” командалары марапатталды.

Қос команданың да бас бапкері Сержан Шуманбаев. Жас жеткіншектерге алқадан бөлек, трофей де табыс етілді.

Сонымен қатар Ресейдегі “Кубок Казани” турнирінде бірінші орын алған футболдан “Ақтөбе-2012” командасы (жаттықтырушысы Қуанышбек Орынтаев) алтын жүлдемен марапатталса, Хорватияның Сплит қаласында өткен “Dalmatinko Cup” халықаралық жарысында күміспен күптелген Данияр Ахмедияр мен Нұрбол Жұмашев шәкірттері — “Ақтөбе-2013” командасы да ресми марапатқа ие болды.

Сондай-ақ 2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінде топ жарған Ақтөбе “ОБЖОРСМ-2009” командасы да (бапкерлері Самат Құздыбаев, Әли Тайғарин) мадақталды.